Атырауда екі ауданның оқушылары емтиханды тапсырмайды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында екі ауданның оқушылары аралық және қорытынды емтиханды тапсырмайды.

мектеп
Фото: Pexels

Атырау облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің бас маманы Дина Стамғалидың айтуынша, Оқу-ағарту министрлігінің шешіміме сәйкес Махамбет ауданында барлық мектептің, Жылыой ауданындағы 4 білім ордасының оқушылары емтиханнан босатылған.

«Атырау облысында 6376 оқушы аралық және қорытынды атестаттау емтиханын тапсырмайтын болды. Оның ішінде Махамбет ауданындағы 16 мектептің, Жылыой ауданында тасқыннан зардап шеккен №5, 6, 8 және 19 білім ордасының 5-11-сынып оқушылары бар. Оқушылардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады. Алайда, 11-сынып оқушылары ҰБТ тапсырады. Ал, 9-сынып бітіргеннен кейін оқуын колледжде жалғастыруға ниетті оқушылар қабылдау емтиханын тапсыруы керек», - деді Дина Стамғали.

Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы оқу жылын 204 мектептің 148 683 оқушысы аяқтап отыр. Оның ішінде 9-сыныптың 12 700 оқушысы бар. Ал, 11-сыныпты 6 мыңға жуық түлек бітіреді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 149 мың оқушы жиынтық бағалаудан босатылғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар