Атырауда ер адам автобус жүргізушісін соққыға жықты

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда қоғамдық көлікке мінген ер адам жолақы төлеуден бас тартқан. Сөйтіп ескерту жасаған жүргізушіге дөрекі сөйлеп, соққыға жыққан. 

Атырауда ер адам автобус жүргізушісін соққыға жықты
Фото: Kazinform

Бұл туралы Instagram желісінде видео тарады. Оқиға Атырау қаласында №22 бағытта жолаушы тасымалдайтын автобуста болған. «Смарт-Атырау» КМК директоры Арслан Ароновтың айтуына қарағанда, жолаушы мен жүргізуші арасындағы кикілжің жолақыға қатысты өрбіген.

«Автобусқа мінген ер адам жүргізушіге дөрекілік танытып, қол жұмсады. Соққының салдарынан жүргізушінің беті мен көзі істі. Автобус жүргізушісі полицияға шағым түсіреді. Ал, бұзақылық жасаған жолаушы валидаторды сындырды», - деп мәлім етті Арслан Аронов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда балаларына алимент төлемеген 30 борышкер қамалғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар