Атырауда ер адам 8 жасар қызды алып кетпек болды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Оқиға Нұрсая Болашақ шағынауданында кешкі уақытта болған. Белгісіз ер адам кәмелетке толмаған қызды ертіп әкетуге әрекеттенген. Алайда тұрғындар күдікті әрекетті байқап, араласып үлгерген.

насилие над детьми
Фото: Depositphotos

Олар ер адамды ұстап, оқиға орнына полиция шақырған.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам қашып үлгергенімен, көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктіні ұстаған.

— Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері 1987 жылы туған күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, — деп хабарлады Kazinform агенттігіне Атырау облысы полиция департаменті.

Бұған дейін Алматыда жасөспірім 2 жасар баланы көтеріп, жерге лақтырып жібергенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар