Атырауда есірткі өсіруге арналған фитозертхана анықталды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау қаласында полицейлер есірткі өсіруге арналған арнайы фитозертхананы анықтады. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

есірткі
Фото: Polisia.kz

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 52 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Тексеру кезінде оның тұрғылықты мекенжайында фитозертхана ретінде жабдықталған сарайдан жалпы салмағы 5 келі болатын 21 түп қарасора (каннабис) өсімдігі табылып, тәркіленді.

- Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен (есірткі заттарын заңсыз өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, іс бойынша өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, - делінген ақпаратта.

Еске салайық, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 1-тармақшасына және ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденбейінше, ол қылмыс жасаған деп есептелмейді.

Айта кетейік, Алматы облысында биыл 8 есірткі зертханасы жойылды.

Соңғы жаңалықтар