Атырауда есірткі жасырып, сатумен айналысқан екі күдікті ұсталды

мефедрон
Фото: Kazinform

Атырауда есірткіні жасырып, сатумен айналысқан екі күдікті ұсталды. Күдіктінің бірі — 18 жастағы жігіт қамауға алынды. Ал, екінші күдікті — 17 жаста, деп хабарлайды Kazinform. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, күдіктілер жедел іздестіру іс-шарасы кезінде ұсталған.

«Күдіктілер Атырау қаласының аумағында синтетикалық есірткіні жасыру әдісі арқылы сақтаған. Олардың бірі 2005, екіншісі 2006 жылы туған. Тексеру кезінде 18 жастағы жігіттен 1 дана ақ түсті ұнтақ тәріздес зат және 5 дана қара изолентке оралған ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік салынған зип-пакеттер тәркіленді. Сараптама қорытындысымен алынған заттардың 2,84 грамм синтетикалық есірткі және 3,28 грамм марихуана екені анықталды. Осы кезге дейін күдіктілер қала аумағындағы 23 жасырын нүктеге сату мақсатында тыққан есірткілері табылды», — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Полиция қызметкерлері аталған дерекпен күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдіктінің бірі — 2005 жылғы жігіт ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес қамауға алынды.

Өзге ақпарат ҚР Қыллмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында ауласына марихуана өсірген тұрғын ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар