Атырауда FlyArystan ұшағы арнайы жолақтан шығып кеткен

АТЫРАУ.KAZINFORM — 14 қаңтарда Атырау әуежайында FlyArystan әуекомпаниясына тиесілі әуе кемесі Алматы — Атырау бағыты бойынша орындалған FS7202 рейсі қонғаннан кейін тұраққа қарай қозғалу барысында төмен жылдамдықпен әуе кемелерінің жолағы шегінен шығып кеткен.

Флайарыстан flyarystan самолеты Ұшақ
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

— Әуе кемесінің бортындағы 166 жолаушы мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.Әуе компаниясы әуежай қызметтерімен және авиациялық уәкілетті мекемелермен белгіленген тәртіпке сәйкес тергеу жүргізу үшін оқиғаны зертеуде — деп мәлімдеді Fly Arystan.

Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттарын өзгерткенін хабарлайды.

Соңғы жаңалықтар