Атырауда инспекторлардан қашқан браконьерлер 12 келі бекірені лақтырып кетті

Атырауда бекіре тұқымдас бағалы бағалы бекіре бллығын заңсыз аулау тиылар емес. Балық қорын қоғрау инспекторларынан қашқан браконьерлер 12 келі бекірені лақтырып кетті, деп хабарлайды Kazinform.

балық
Фото: Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы

Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясынан мәлім еткендей, инспекторлардан қашқан браконьерлер 12 келі бекіре мен 90 метр ауды лақтырып кеткен.

«Дамбы балық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шара кезінде Жайық өзенінің Қызылбалық ауылы маңында «Байда» жүрдек қайығын қуып жетті. Заңсыз балық аулаушылардан екі қап тәркіленді. Екі қаптың бірінен ұзындығы 90 метр капрон торын, екінші қаптан 12 келі 100 грамм бекіре балығын тапты. Оқиға орнына полицияның жедел-тергеу тобы шақырылды. Полиция қызметкерлерінің іс жүргізу әрекеті ҚР Қылмыстық кодекстің белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Алдын ала мәліметке сәйкес, балық қорына келтірілген залал 12 523 500 теңгені құрайды», - деп хабарлады облысаралық инспекциядан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау тұрғыны тиым салынған 282,5 келі бекірені заңсыз сатпақ болғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар