Атырауда интернеттегі алаяқтық қылмысы 30 пайызға артып, 920 дерегі тіркелген

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысында жыл басынан бері интернеттегі алаяқтық қылмысының 30 пайызға артқаны анықталып отыр. Осы кезге дейін аталған қылмыстың 920 дерегі тіркелген.

мошенничество
Коллаж: Kazinform/ DALL-E/ Pixabay

Атырау облыстық полиция департаменті кибер қылмысқа қарсы күрес тобының аға жедел уәкілі Асхат Нұрмановтың айтуынша, интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмысына бірнеше жайт әсер етеді. 

«Біріншіден, алаяқтар құпия ақпаратқа қол жеткізу түрлі жолын біледі. Екіншіден, онлайн қызмет көрсету, тауарларды онлайн сатып алудың зардабы бар. Үшіншіден, жалған банктер мен мобильді байланыс операторларынан хабарлама жіберу — интернет арқылы қылмыс жасайтындардың негізгі әдістерінің бірі. Атырау облысында жыл басынан бері осындай тәсілдер арқылы жасалған интернеттегі алаяқтық қылмысының 920 дерегі тіркелді», — дейді Асхат Нұрманов. 

Оның пікіріне сүйенсек, облысты интернет алаяқтықтың алдын алудың жүйелі жұмысы қолған алынған. 

«Алайда, заң бұзушылықтар азаймай тұр. Басқа мемлекеттің аумағында отырған алаяқтар жаңа хакерлік қосымшаларды жиі пайдаланады. Осы кезге дейін анықталған қылмыстың 106-сы сотқа жолданды. Әлі де тергеліп жатқан қылмыстық істер бар. Алаяқтардың құрбаны болғандардың басым бөлігі — 25-45 жас аралығында буынның өкілдері», — деп мәлім етті Асхат Нұрманов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 74 алаяқтық қылмысын жасаған 11 адамның ісі сотқа жолданғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар