Атырауда ит те бөгет салуға көмектесіп жүр

Атырау
Фото: Видеодан алынған скрин

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау жұртшылығын әуреге салған тасқын суға қарсы күрес жұмыстарына жергілікті иттердің бірі де өз үлесін қосып, жұртшылықты тәнті қылды. Ақылды иттің қалай жәрдемдесіп жүргені туралы видео afishi_atyrau парақшасында жарияланды. 

Желі қолданушылары «Махамбет ауданы, Сарытоғай селосы Пшон атты ит!», «Кейбір адамдардан ит саналы болып тұр ау»,  «Бел кетсе де Атырауым кетпесін деп тұр ғой» деген сарында пікір қалдырып, иттің ақылдылығына сүйсінді.   

Соңғы жаңалықтар