Атырауда кәмелетке толмаған 2 жасөспірім суицид жасаған
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда кәмелетке толмаған 2 жасөспірімнің суицид жасағаны туралы ақпарат тарады. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, өзіне қол жұмсаған жасөспірімнің бірі — 2009, екіншісі 2010 жылы туған.
— Екі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Куәгерлерден жауап алынып, кәмелетке толмағандардың араласқан ортасын жан-жақты зерттеу қолға алынды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмысы жалғасады. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Кейбір телеграм арналарының мәліметіне қарағанда, суицид жасағандардың бірі — ұл, екіншісі — қыз. Алайда, полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның қай күні, қай елдімекенде болғанын нақтыламады.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс көбейгенінін жазған болатынбыз.