Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған екі күдікті қамауға алынды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалау күдігіне ілінген екі адам ұсталды. Қамауға алынғандардың бірі – видеоблогер.

бопсалау
Фото: Видеодан алынған скрин

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қамауға алынған күдіктілер кәсіпкерден ақшаны қорқытып алған. 

– Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған 33 жастағы видеоблогер мен 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олар жеке кәсіпкерден 2 млн теңге қорқытып алғаны үшін күдікті деп танылды. Ұсталғандарды тінту шаралары кезінде полиция қызметкеріне күш қолданған, -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдіктілерге қатысты қорқытып алу және билік өкіліне күш көрсету дерегімен қылмыстық іс қозғалды. 

– Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының Мұқыр ауылында бір жігітті топ болып ұрғандар қамауға алынғанын жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар