Атырауда колледждің бірінші курсында оқитын студент соққыға жығылды

Атырауда агро-техникалық колледждің бес студенті бірінші курста оқитын бозбаланы соққыға жыққан, деп хабарлайды Kazinform.

студентті ұрды
Фото: pexels.com

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған мәліметке қарағанда, оқиға 28 желтоқсанда болған. 

«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 13:00 шамасында Атырау агро-техникалық колледжінің 1 курсында оқитын​ студентінің соққыға жығылғаны анықталды. Осыған байланысты құқық бұзушылық жасады деген күдікпен аталған​ оқу орнының 5 студенті полиция бөліміне жеткізілді. Соққыдан соң зардап шеккен 1 курс студенті облыстық ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден өткізілді. Дәрігерлер соққыға жығылған студенттің​ жеңіл дене жарақатын алғаны туралы анықтама берді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Полиция қызметкерлері тиісті тергеп-тексеру амалын бастады. 

Соңғы жаңалықтар