00:10, 10 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Атырауда көпқабатты үйде өрт шығып, 11 адам құтқарылды
АСТАНА. KAZINFORM — Түнде 112 пультіне Атырау қаласының бір ауданында бес қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына ТЖМ-нің күштері сондай-ақ медициналық көмек орталығының мамандары жедел жетті.
Өрт сөндірушілер саты арқылы құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, оның ішінде екі бала бар 7 адамды құтқарып, оларды одан әрі тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Сонымен қатар автосатының көмегімен тағы төрт адам құтқарылды, олардың ішінде бір бала бар.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің шұғыл және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Айта кетелік Астанада «Гамма» тұрғын үй кешенінен өрт шыққан еді.