Атырауда қосымша әуе рейстері екі есе көбейіп, 5 күнде 8 300 жолаушы ұшқан

әуе рейсі
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда қосымша әуе рейстері екі есе көбейген. Бес күнде әуе рейстерімен 8 300 жолаушы ұшты.

Х.Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекторы Андрей Венгринюктің мәліметіне сүйенсек, 10 сәуірде қосымша әуе рейстері көбейтілген.

«Табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі аясында 10 сәуірде Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент қалаларына қосымша рейстер ашылды. Мәселен, 10-15 сәуір аралығындағы кезеңде қосымша рейстердің саны екі есе көбейтілді. Қосымша рейстермен 8 300 жолаушы ұшты. Бұл жергілікті халықаралық әуежайдың жұмысына кері әсерін тигізген жоқ. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деді Андрей Венгринюк.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау мен Алматы арасында қосымша пойыз жолға шығатыны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар