Атырауда құрбандық малын соятын 5 орын белгіленді

Астанада құрбан шалатын орындар қай жерде
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласында құрбандық малын соятын 5 орын белгіленді.

Атыраудағы «Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Құрбан айт мейрамы кезінде құрбандық малын арнайы белгіленген 5 орында шалу ұсынылып отыр. Осыған орай Құрбан айт күндері «Тума», «Асыл агро», «Қуаныш», «Атырау ет орталығы», «Адал» мал базарларында құрбандық шалатын малды союға мүмкіндік бар.

«Жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдерімен бірге жергілікті мал базарларының қазіргі жай-күйін тексеріп шықтық. Сатушыларға Құрбан айт күндері сатылымға шығарылатын мал бағасын шарықтатпай, бір деңгейде ұстауды ескерттік. Құрбандыққа ақсақ, арық, құлағының көп бөлігі кесілген малдың жарамайтынын, алты айдан асқан қойды шалуға болатынын түсіндірдік. Құрбан айт күндері құрбандық малы шалынатын базарлардың аумағы таза болғаны жөн. Ал, қасапшылар ҚМДБ ұйымдастырған семинарға қатысып, кеңес алуы қажет», - дейді бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, бұған дейін елімізде Құрбан айт қашан басталатыны, ал 17 маусым – жұмыс күні екені хабарлаған еді

Соңғы жаңалықтар