Атырауда мас шетелдіктің кесірінен төрт көлік соқтығысты
Атырауда мас шетелдіктің кесірінен төрт көлік соқтығысты. Жол апатының салдарынан әр түрлі жарақат алған жолаушылар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше, 26 қарашада болған.
«Жергілікті уақытпен кешкі сағат 19:20 шамасында Атырау-Доссор бағытындағы тас жолының «Шығыс» базары тұсында төрт автокөлік соқтығысты. Жол-көлік көлік оқиғасының салдарынан Toyota Camry және Chevrolet Lacetti маркалы автокөліктердің жолаушылары түрлі дене жарақатын алды. Зардап шеккен жолаушылар облыстық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері Toyota Ipsum көлігін айдаған Өзбекстан Республикасының азаматы мас күйде болғанын анықтады. Шетелдік жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені медициналық сараптама қорытындысымен дәлелденген.
Қазір жол апатына, мас шетелдік жүргізушіге қатысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жүк көлігімен инспектордың аяғын басып, полициядан қашқан жүргізуші оқ атып тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз.
Кейін жол апатынан жаяу адам мен жүргізуші мерт болғанын жазған едік.