Атырауда найзағай жарқылы түскен жеке иеліктегі тұрғын үй өртенді

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда 2 қабатты тұрғын үйге найзағай жарқылы түсті.

Найзағай
Фото: Pixabay

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыстар және сыртқы коммуникациялар тобының ақпаратына сүйенсек, оқиға кеше, 13 шілдеде болған. 

– Кешкі сағат 19:47-де Атырау қаласындағы Химиктер ауылында тұрғын үйге найзағай түсті. Соның салдарынан Тәуке хан көшесінде орналасқан 2 қабатты тұрғын үй өртенді. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жедел жетіп, жалынды сағат 20:23те оқшаулады. Өрт сағат 20;59-да толықтай сөндірілді, -деп хабарлады департаменттің имидждік жұмыстар және сыртқы коммуникациялар тобы. 

Жалынды сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 18 қызметкер, 4 техника тартылған. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бассейнге түскен 3 адам аураханаға жатқызылғанын хабарлаған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар