Атырауда өзін-өзі өртеген ер адам 81 пайыз күйікпен ауруханаға түсті

Атырау облысында 63 жастағы ер адам өзін-өзі өртеп жіберді. Соның салдарынан денесінің 81 пайызын күйік шалды. Қазір облыстық ауруханада жатыр, деп хабарлайды Kazinform. 

аурухана
Фото: Pixabay

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл оқиға Мақат ауданында болған.

«Мақат аудандық полиция бөліміне Доссор кентінің Б.Аймағамбетов көшесіндегі тұрғын үйдің жанында ер адамның өзін-өзі өртегені туралы хабар түсті. Полиция қызметкерлері өзін-өзі өртеген аталған ауданның 1961 жылғы тұрғыны екенін анықтады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, өзіне өрт қойға ер адам биыл зейнет жасына толады екен. Бірақ, оың мұндай оқыс қадамға не үшін барғаны белгісіз.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өзін-өзі өртеген адам 14 қаңтарда кешкі сағат 20:15-те Атырау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жеткізілген.

«Дәрігерлер ер адамның денсаулық жағдайын жіті тексерілді. Қазір науқас жансақтау бөлімшесіне жатыр. Оның жағдайы ауыр, денесінің 81 пайызын жоғары күйік шалған», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 5 адамды күйік шалғанын жазған едік.

Кейін күйік шалған ер адам қайтыс болғанын хабарлағанбыз.

Бір күннен соң күйіп қалған екінші адам қайтыс болды. Сондай-ақ, үш айлық сәби ауруханада көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар