22:20, 30 Шілде 2024 | GMT +5
Атырауда полицейлер лифтте қалып қойған 2 жасар сәбиді құтқарды
АТЫРАУ. KAZINFORM – Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 102 операторына көпқабатты үйдің жедел сатысында қалып қойған сәби туралы хабарлама келіп түскен.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері 8 қабатта тұрып қалған баланы құтқару үшін патрульдік экипажды бағыттады.
Оқиға орнына жеткен Ақжол Кибатоллаев пен Жантөре Әліпкалиев лифт ішінде жылаған баланың дауысын естіп, есігін күшпен ашып, 2 жастағы баланы аман-есен алып шықты. Сәбидің анасы тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.
Полиция балалардың қауіпсіздігі мұқияттылық пен жауапкершілікті талап ететінін ескертеді.