Атырау тұрғындарын мал өлімі алаңдатып отыр

АТЫРАУ. KAZINFORM – Қазіргі кезде патологиялық үлгі мен Жем өзенінен сынама алынды.

мал шаруашылығы
Фото: СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы

Оқиға Атырау облысы Жылыой ауданында тіркелді. Мал өткен аптаның соңында белгісіз жағдайда қырыла бастаған.

- Мал өлімі өткен аптаның жұма-жексенбі күндері тіркелген. Ветеринар мамандар барып, тексеріп қарады. Мал өлексесінен патологиялық үлгі алынып, облыстық зертханаға жіберілді. Су сынамасы да алынып, зертханаға берілді. Нақтысы зертхана қорытындысынан соң анықталады. Бастысы – жұқпалы аурулары жоқ, - деді Жылыой аудандық ветеринария стансасының басшысы Нұрболат Өрбісінов.

Қазіргі кезде мал уланды деген болжам бар.

- Қарау кезінде 1 түйе, 4 сиыр малының өлгені анықталды. Өлген малдарда жұқпалы аурулардың клиникалық белгілері байқалмаған. Өлген бір сиыр малына жарып сою жүргізіп, ішкі органдары бүлінгені байқалған. Алдын ала диагнозы – улану, - деп хабарлады Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, биыл шілде айында Қарағанды облысының Шахтинск қаласына қарасты Долинка кентінде 100-ден астам қойдың қырылған. Ол кезде де мал уланған болуы мүмкін екені айтылды. 

Соңғы жаңалықтар