Атырауда Ресейден әкеле жатқан химикатқа берілген қорытынды күмән тудырды

Атырауда Ресейден әкеле жатқан химикатқа берілген қорытынды күмән тудырды, деп хабарлайды Kazinform. 

Атырауда Ресейден әкеле жатқан химикатқа берілген қорытынды күмән тудырды
Фото: Құрманғазы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы

Құрманғазы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Айбек Саспановтың айтуынша, Ресейден келе жатқан жүк көліктегі тауардың арасында химикат болғаны анықталған.

«Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекарасындағы экспорттық-шекаралық бақылау аймағында Volvo көлігі тексерілді. Көлік Ресейдің Волгоград облысынан Қазақстандағы Павлодар облысына бағыт алған. Басқарма қызметкерлері салықтық-кедендік бақылау жүргізіп, көлік құралындағы тауар ішінен «Собиратель DSB» химикатын анықтады. Химикаттың салмағы – 5600 келі, бағасы – 2 302 300 теңге. Аталған тауар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы №424 бұйрығымен бекітілген «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» тізімге кіреді. Сол себептен СЭҚ ТН коды бойынша өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды тексерілді», - деп хабарлады Айбек Саспанов.

Оның айтуына қарағанда, осы қорытындыға байланысты күмән туындаған. Сол себептен қорытындының жалған не жалған еместігін анықтау, процессуалдық шешім қабылдау тиісті материалдар Құрманғазы аудандық полиция бөліміне жолданды. 

Атырауда Ресейден әкеле жатқан химикатқа берілген қорытынды күмән тудырды
Фото: Құрманғазы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда автомектеп жалған жүргізуші куәлігін таратты деген күдікке ілінгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар