Атырауда сауда орталығындағы фитнес-клубтан өрт шықты
АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда Қаныш Сәтбаев көшесінде орналасқан сауда-ойын-сауық орталығында өрт болды.
Төрт қабатты ғимараттың ішіндегі фитнес-клубтың бу бөлмесінен өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде ғимарат іші қою түтінге толған.
Құтқарушылар түтін басқан бөлмеге кіріп, қызыл жалынды толық сөндірген.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін Алматыда спорт мектебіндегі өрттен караоке ғимараты да зардап шеккенін жазған едік.