Атырауда сұйытылған газ сақтайтын парктің 5,5 млрд теңгелік акциясы қайтарылған

Ақтөбеде әлеуметтік сұйытылған газ қымбат бағада сатылған
Фото: Сауда комитеті

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-нің 50 пайыз акциясы мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұл акцияның құны — 5,5 млрд теңге.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған парктің Атырау мұнай өңдеу зауытымен технологиялық байланысы бар. 

«Өйткені, мұнай өңдеу зауытында өзінің резервуарлық паркі болған жоқ. Сұйытылған мұнай газының барлық көлемі «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-нің резервуарларында сақталды. Бұл монополияға және үстем жағдайды теріс пайдалануға әкелді. Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты сұйытылған мұнай газын сақтау паркі акцияларының 50 пайызына иелік еткен. Монополияға қарсы тергеу қорытындысы бойынша компанияға 1,6 млрд теңге айыппұл салынды. Сот талқылауларының нәтижесінде «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС акцияларының 50 пайызы мемлекеттік меншікке қайтарылды. Бұл акция 5,5 млрд теңгеге бағаланды», — деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, Атырау облысында 38 млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram