Атырауда табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды үйлестіру басқармасына жаңа басшы келді
АТЫРАУ.KAZINFORM - Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды үйлестіру басқармасына жаңа басшы тағайындалды.
Өңір әкімінің өкімімен Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметіне Ерболат Омаров кірісті. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ерболат Омаров 1982 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.
Еңбек жолын 2001 жылы сот органдарында және мемлекеттік қызметте заңгер болып бастаған. Әр жылдары Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары және басшысы, Мақат ауданының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы Экология департаментінің басшысы, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Осыған дейін Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын хабарлаған едік.