Атырауда теңіз жағасындағы қамыс өртеніп жатыр

АТЫРАУ. KAZINFORM – Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенуде. Бұл жөнінде облыстық ТЖД хабарлады.

Атыраудағы қамыс өрті
Фото: Видеодан скрин

Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, Атырау қаласы Алғабас ауылынан шамамен 5 шақырым қашықтықта Каспий теңізі жағалауындағы қамыс пен құрғақ шөп отқа оранып жатыр. Қазіргі уақытта өрт аумағы анықталуда. Оқиға орнына ТЖД 10 қызметкері жұмылдырылды. Елдімекенге таралу қаупі жоқ.

Бүгін жүргізілген мониторинг нәтижесінде сағат 19:21-де уақытта Атырау қаласынан Ескене кен орнына қарай 50 шақырым қашықтықта, жалпы ауданы 152 шаршы метр аумақтағы қамыс өртенгені анықталды. Оқиға орнына ТЖД 14 қызметкері жұмылдырылды. 21:25-те өрт толық сөндірілді.

Қазіргі уақытта Каспий теңізінің таяз бөлігінен Атырау қаласына шаңды дауыл соғып тұр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум