Атырауда тұрғын үйге терезеден кірген күдікті 10,3 млн теңгенің алтынын ұрлаған

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда күдікті тұрғын үйге терезеден кіріп, 10,3 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.

кража
Фотоколлаж Polisia.kz

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 35 жастағы жігіт ұрлық жасау үшін тұрғын үйдің терезесінен кірген.

– Полиция қызметкерлері Атырау қаласындағы тұрғын үйдің пластикалық терезесін ығыстыру тәсілімен ашып, 10,3 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктіні ұсталды. Тексеру кезінде күдіктінің ұрлаған алтын бұйымдарды қала аумағында орналасқан ломбард мекемелеріне тапсырғаны анықталды. Жәбірленуші ломбард мекемелерінен заттай дәлел ретінде алынған 7 дана алтын бұйымның өзіне тиесілі екенін растады, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты кешенді тергеу амалдары басталды. Сотқа дейінгі тергеуді Атырау қалалық полиция басқармасының №2 полиция бөлімінің қызметкерлері қолға алды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 331 қылмысты ашуға көше камерасының көмегі тигенін хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар