Атырауда Ұлттық домбыра күнінде бір мезетте 1000 оқушы күй тартады

күй
aikyn.kz

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда Ұлттық домбыра күнінде мың оқушы күй тартпақ. Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, 7 шілде күні Исатай-Махамбет орталық алаңында «Шанақтан шарықтаған шартарапқа» атты мәдени іс-шара өтеді. 

Кешкі сағат 20:30-да басталатын концерттік бағдарламада 1 000 оқушы домбыра шертеді. Айта кетейік, өнерпаздардың бәрі домбыра үйірмесіне қатысады. 

Орталық алаңда сондай-ақ күй өнері саңлақтарының есімі берілген жергілікті екі оркестр өнер көрсетеді. Оның бірі – күйші, композитор, Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісованың атымен аталатын академиялық қазақ халық аспаптары оркестрі. Ал, екіншісі – Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның құрамындағы «Нарын» халық аспаптары оркестрі. Аталған өнер ұжымына күйші, композитор Қаршыға Ахмедияровтың есімі берілген. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда тұратын шетелдік болашағын домбырасыз елестете алмайтынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар