Атырауда үстіне электрлі мотоцикл құлаған 9 жасар бала ауруханаға жеткізілді

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда 9 жасар баланың үстіне электрлі мотоцикл құлап кетті. 

Атырауда үстіне электрлі мотоцикл құлаған 9 жасар бала ауруханаға жеткізілді
Фото: Наталья Зинченко / Kazinform

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін, 13 шілдеде болған.

– Түнгі сағат 01:17 шамасында Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет алаңында 2016 жылғы жасөспірімнің үстіне электрлі мотоцикл құлады. Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Электрлі мотоциклдің иесі – 1985 жылғы ер адам.

– Аталған оқиғаға байланысты мотоцикл жүргізушісі медициналық сараптамадан өткізілді. Сараптаманың қорытындысымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабына (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында мопед жүргізушілері қандай талаптарды бұзып жүргенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар