Атырауда Жаңа жыл түні 24 адам отбасының шырқын бұзған

АТЫРАУ.KAZINFORM - Атырауда полиция жаңа жыл түні 249 хабарламаға қызмет көрсетті. Бұл туралы облыстық ПД хабарлады.

Атырауда жаңа жыл түні 24 адам отбасының шырқын бұзған
Фото: Атырау облысы ПД

Полиция департаментінің мәліметінше, жаңа жыл түні көшелерде құқық бұзып, бұзақылық әрекеттеріне жол бергендер болмады. Мереке күні отбасы шырқын бұзған 24 адам анықталып, полиция бөлімдеріне жеткізілді. 28 ұсақ жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 5 адам жарақат алған. Кейін олар ауруханаға жеткізілді.

Мереке күндері тұрғындар тыныштығын және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицейлер күшейтілген режимде қызмет етуді жалғастырып жатыр.

Осыған дейін Алматыда Жаңа жыл қарсаңында полиция жасақтарының саны артқаны жөнінде жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар