Атырауда Жайық өзеніндегі мұз үстінде түлкі жүр
АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда Жайық өзенінде қатқан мұз үстінде түлкі жүр. Оны балық аулауға шыққаан балықшылар видеоға түсіріп алған.
Жергілікті әуесқой балықшы Рахим Қойлыбаевтың айтуынша, видео кеше, 18 ақпанда Атырау қаласындағы «Авангард» шағын ауданында түсірілген.
Видеода түлкінің Жайық өзенінің үстінде жүргені көрінеді. Түлкінің жанында қарғалар үшып жүр. Дала аңының жемтік іздегені байқалады.
«Атырауда мұндай жағдай бірінші рет емес. Мәселен, 2021 жылғы желтоқсанның соңында түлкі Атырау қаласындағы Азаттық көшесімен бара жатты. Оның да видеосы тарады. Кейін Еркінқала ауылына 3-4 қабан кіріп кетті. Ал, жақында Дамбы ауылына баратын жолмен қасқырдың елді мекенге қарай бара жатқанын көрдік. Қалаға, не ауылға ашыққан аң келуі мүмкін. Мұның басқалай себебі жоқ», - дейді Рахим Қойлыбаев.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудағы ауыл маңында қасқыр жүргенін хабарлаған едік.
Видео авторы: Рахим Қойлыбев