Атырауда Жайық өзеніне батқан 14 жасар жасөспірім екі күннен кейін табылды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда екі күн бұрын 14 жасар жасөспірім Жайық өзеніне батып кеткен еді. Бүгін құтқарушылар жасөспірімнің мүрдесін судан шығарды.

Су іздеу жұмыстары
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, 2010 жылғы жасөспірім 22 тамызда Жайық өзеніне батып кеткен. 

«Өзенге батқан жасөспірімді іздеу екі күн бойы жүргізілді. Бүгін, 24 тамызда сағат 07:03 шамасында суға жасөспірім оқиға орнынан 12 шақырым қашықтықтан табылып, судан шығаралды», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар депаратментінен 10 жеке құрам, 5 жүзу құралы, 1 техника тартылған. 

«Биыл Атырау облысының су айдындарында қайғылы оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шомылу маусымы әлі ресми түрде ашылмағанын хабарлаймыз. Өзен-көлдердің рұқсат етілмеген тұсында шомылу қауіпті екенін ескертеміз. Мұндай қадамның соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Сол себептен, облыс тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларын сақтауға және суға шомылудан бас тартуға шақырамыз», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Жайыққа батқан 14 жасар жасөспірім табылмай жатқанын хабарлаған едік. 

Сондай-ақ, Атырауда Жайыққа батқан жасөспірімді итеріп жіберуі мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар