Атырауда Жайық өзенінің жағалауында құтқару стансасы ашылды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда Жайық өзенінің жағалауында құтқару стансасы ашылды. Жаңа нысан 2,5 айда салынған.

Жайық өзенінің жағалауында құтқару стансасы
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің айтуынша, бірегей құтқару стансасының ТМД елдері аумағында баламасы жоқ. Нысан құрылысына жоғары сапалы тез құрастырылатын модульдік материалдар пайдаланылған. 

– Бұл құтқару стансасының ашылуы – Атырау облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы маңызды қадам. Біз бөлімшелеріміздің инфрақұрылымы мен жабдықталуын жақсартып, тұрғындарды қорғау үшін инновациялық және тиімді шешімдерді енгізуді жалғастырамыз. Енді бұл нысан өңір үшін нағыз тірек болады. Оны салу және заманауи жабдықтармен жабдықтау жылдамдығы біздің құтқарушыларымыздың жоғары кәсібилігін көрсетті, -деді Шыңғыс Әрінов.

Жайық өзенінің жағалауында құтқару стансасы
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Құтқару стансасында жұмыс кабинеттері, диспетчерлік және құтқарушыларға арналған демалыс, киім ауыстыратын, ас ішуге арналған, душ кабиналары орнатылған жуынатын бөлмелер бар. Оның аумағында арнайы техника мен жүзу құралдарына арналған бокс ашылған. 

Жайық өзенінің жағалауында құтқару стансасы
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Министр жергілікті авариялық-құтқару жұмыстарына арналған жаңа көліктердің кілтін табыс етті. Осы заманғы құтқару құралдарымен жабдықталған бұл машиналар республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған. Сондай-ақ су айдындарында құтқару операцияларын жүргізу үшін бірегей жүзу құралы – «Alligator» аэроқайығы берілді. 

Жайық өзенінің жағалауында құтқару стансасы
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Жаңа стансаның аумағында құтқарушылардың отбасыларына арналған екі қабатты жатақхана ашылды. Жатақханада 11 бөлмеде бар. Оған станса қызметкерлері қоныстанды. 

Жайық өзенінің жағалауында құтқару стансасы
Фото: Атырау облыстық ТЖД

– Өткен жылы құтқарушылар 559 рет шақыртуға барып, 100-ден астам адамды, оның ішінде 70 баланы құтқарды. Ауқымды су тасқыны кезінде жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 3 мыңнан астам жергілікті тұрғынды эвакуациялады. Биыл Жайық өзенінде 9 жергілікті тұрғын, оның ішінде 4 бала құтқарылды, -деп мәлім етті жергілікті департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы.

Жайық өзенінің жағалауында құтқару стансасы
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда былтыр із-түзсіз жоғалған бойжеткенді Жайықтан іздеу тағы тоқтатылғанын жазған едік

Жайық өзенінің жағалауында құтқару стансасы
Фото: Атырау облыстық ТЖД
Жайық өзенінің жағалауында құтқару стансасы
Фото: Атырау облыстық ТЖД

 

Соңғы жаңалықтар