Атырауда жезөкшелікпен айналысқандар арасында трансcексуал ер кісі болған

Атырауда жезөкшелікпен айналысқандар арасында трансcексуал мен ер адамның болғаны анықталды, деп хабарлайды Kazinform.

транс
Фото: Pexels

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бейәдеп әрекетпен тәнін саудалаушылардың арасында шетелдіктер де бар.

«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Атырау қаласының аумағында орналасқан саунада жезөкшелікпен айналысқан Шымкент, Алматы қалалары мен Жамбыл облысының 8 тұрғынын анықтады. Өзбекстан Республикасының 1986 жылғы азаматшасы заңсыз притон ұйымдастырған. Шетелдікке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тәнін сату ісімен айналысқан ер адамдар анықталып отыр.

жезөкшелер
Фото: Атырау облысы ПД

Мәселен, Тәжікстан Республикасының 26 жастағы транcсексуал азаматы интим қызмет көрсетуді мақсат еткен.

Интернет желісі арқылы осындай қызмет көрсету үшін тапсырыс қабылдаған ер адам ұсталған.

«Қазақстан аумағына қараша айында келген шетел азаматын елден шығаруға қатысты жинақталған іс-құжаттар көші-қон басқармасына тапсырылды. Ұсталғандардың бәрі жезөкшелікпен айналысушылар есебіне тіркелді», — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда мас шетелдіктің кесірінен төрт көлік соқтығысқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар