Атырауда Жылыой ауданы әкімі атынан жалған аккаунт ашылған
АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысындағы Жылыой ауданының әкімі атынан жалған аккаунт ашылған. Аккаунт иелері тұрғындардан ақпарат сұраған.

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың айтуынша, мұндай фейк аккаунт иелері алаяқтық әрекеттерге баруы әбден мүмкін.
«Жылыой аудандағы қазіргі ахуалға байланысты жекелеген адамдар әлеуметтік желіде және мессенджерлерде менің аты-жөнімді пайдаланып, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша мәтінде ақпарат сұратқан, диалог жүргізген. Аудан жұртшылығын және азаматтарды жалған мәліметке, хабарламаларға сенбеуге шақырамын», -деп хабарлады Жұмабек Қаражанов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Құлсарыда жаңа тұрғын үйлердің қабырғасы қаланып жатқанын жазған болатынбыз.
Атырау облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы Дархан Тілепбергеннің мәліметінше, Құлсары қаласындағы «Болашақ» шағын ауданында 100 тұрғын үй салу көзделген.
Құрылыс жұмысына 100 құрылысшы маман, 50 техника тартылған.