12:28, 12 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Атырауда жылу құбырының жанынан 2 адамның мүрдесі табылды
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласында жылу құбырының жанынан ер мен әйелдің мүрдесі табылды. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 27 қарашада 2 адамның өлі күйде табылғанын растады.
– Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің артындағы жылу құбырының жанынан екі адамның мүрдесі табылды. Өлі табылғанның бірі – ер адам, ал екіншісі – әйел. Ер адам 34-те, әйел 42 жаста болған. Марқұмдардың мүрдесінен жарақат анықталмады, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір марқұмдардың мүрдесіне сот-медициналық сараптама жүргізі басталған.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда көлік қаққан 59 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.