Атырауда жоғалған отбасының қызы мен ұлын іздеу тоқтаған жоқ
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау областық ПД Жангелдин ауылында жоғалған отбасы мүшелері Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевты іздеу жұмысы тоқталды деген ақпаратты растамады.
Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, іздеу тек азаматтар табылған кезде тоқтайды. Сондықтан іздестіру жұмысы әлі жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта бұл жұмысқа ТЖД қызметкерлері араласып жатқан жоқ. Яғни, бұл құрылым тарапынан іздеу тоқтаған. Осыған дейін құтқарушылар жергілікті Полиция департаментінің ресми сұранысы негізінде жұмыс істеген.
– Полиция белгілеген барлық аумақ толықтай тексерілді. Іздестіру жұмыстарын жалғастыруға қатысты Полиция департаментінен қосымша бағдарлау немесе жаңа сұраныстар түскен жоқ, - деді ТЖД өкілдері.
Полиция департаменті техникалық қажеттіліктер қажет жағдайда іздестіру жұмысына өзге құрылымдар жұмылдырылып жатқанын хабарлады.
Еске салсақ, Жангелдин ауылында тұратын отбасы 2025 жылдың соңына белгісіз жағдайда жоғалып кеткен еді.
6 қаңтарда Атырау облысы аумағынан жоғалған отбасының екі мүшесінің – отағасы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы Нәсіп Өтешқалиеваның денесі сарайдан табылды.
Кейін олардың денелерінде пышақ іздері бары анықталды.
9 қаңтарда Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке ілінген марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сарсемалиев екені ресми түрде белгілі болды.
Сондай ақ жоғалған отбасы туралы тың деректерді әлеуметтік желі арқылы таратқан хакерге халықаралық іздеу жарияланған еді.