Атырауда жоғалып кеткен отбасы: ерлі-зайыптының денесі табылды

АТЫРАУ.KAZINFORM — Атырауда жоғалған отбасы мүшелерінің екеуінің денесі табылды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, үйдің отағасы мен әйелінің денесін үй ауласындағы сарайға көміп тастаған. 

полиция
Фото: ДП области Абай

— Қызылқоға ауданында Атырау облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды. Қазіргі уақытта тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Аталған факті бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталды. Қазіргі таңда оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары тиісті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желі қолданушыларын ақпараттың тек ресми дереккөздеріне сүйенуге және расталмаған әрі жалған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз, — деді облыстық ПД бастығы Нұрхат Оразбаев.

Оларды іздестіру жұмысы жұмысы тек Атырауда ғана емес, Қазақстан бойынша ұйымдастырылған. Күні кеше полиция қызметкерлері 4 азаматтың нөмірі Шымкент қаласында қосылғанын мәлімдеген еді.

ПД бұл төрт адамнан бөлек сол үйдің қызы мен күйеу баласының Өзбекстанға, одан кейін басқа елге кеткенін анықтағанын мәлімдеген.

Айта кетейік, полиция департаменті төрт азаматтың жоғалғаны туралы істі ҚР Қылмыстық кодексінің адам өлтіру бабы бойынша тергеуді бастаған еді.

Соңғы жаңалықтар