Атырауда жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды
АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда Volkswagen Polo және Газель автокөліктері соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 16 қараша күні сағат 03:30 шамасында Исатай Тайманов пен Ғаббас Берғалиев көшелерінің қиылысында болған.
Апат салдарынан Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаға қатысты қажетті құжаттарды жинақтап жатыр.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және көлік жүргізу кезінде белгіленген жылдамдықты асырмауға шақырды.
Еске салайық, 11 қараша күні Атырау қаласындағы Водник-3 ықшамауданында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Оқиға салдарынан әйел көз жұмды.