Атырауда жолаушылар пойыз жолсерігіне сала құлаш билет көрсеткен

Атырауда жолаушылар пойыз жолсерігіне үлкен форматта шығарылған билетті ұсынған. Мұны жұртшылық әзіл ретінде қабылдады, деп хабарлайды Kazinform.

жолаушы
Фото: afishi_atyrau

Бұл туралы WhatsApp мессенджерінде, ТікТок қосымшасы мен Іnstagram әлеуметтік желісіндегі afishi_atyrau парақшасында видео тарады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КУДА СХОДИТЬ В АТЫРАУ? АФИША (@afishi_atyrau)

 Онда жолаушылардың жолсерікке өзгеше форматтағы билеттерді ұсынғаны түсірілген. Жолсерік тым үлкен билеттен жолаушы туралы деректі терксеріп тұр.

«ТiкТоk-та мынадай видео пайда болды. «Атырау-Ақтөбе» бағытындағы пойыздың жолаушылары үлкен билеттерді басып шығаруға шешім қабылдады» деп жазылған парақшада.

Ал, видео авторы «Пойыз билетін басып шығаруды сұрағанда...» деп жазба қалдырған.

Жұртшылық мұны жаңажылдық әзіл ретінде қабылдап, түрлі пікір қалдырып жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір тәулікте 30 сәби өмірге келгенін жазған болатынбыз