Атырауда бірге тұратын әйел мен еркектің арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда тұрмыстық жанжал барысында әйел өзімен бірге тұратын еркекке ауыр жарақат салып, ол мерт болды, деп хабарлайды Atyrau Oil.

кісен
Фото: pexels

Алдын ала мәліметтер бойынша, бірге тұратын еркек мен әйел арасында жанжал туындап, оның барысында әйел ер адамға пышақ салған. Алған жарақатының салдарынан ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Күдікті әйел ұсталып, изоляторға қамалды. ҚР ҚК-нің 99 бабы «кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Атырау облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Осыған дейін Атырауда 10 миллион теңге бопсалаған журналист ұсталғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар