Атыраудағы алаңда піл үстіне топырақ шашып жүр

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласының көшесіндегі алаңда піл жүр.

Атырауда піл жүр
Фото: видеодан алынды

Бұл туралы әлеуметтік желі мен WhatsApp мессенджерінде видео тарады. Атыраулықтар шаһар көшесіндегі пілдің жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Шаһар тұрғындары көшеде жүретін төрт түлікке таңдана қоймайды. Өйткені, бұл үйреншікті жайтқа айналған.

Бір қызығы, піл жүрген аумақта тал жапырағын жеп тұрған 6 түйе де бар. Ол топырақты үстіне шашып тұр.

«Атырауда су жоқ, байғұс піл үстіне топырақ шашып тұр. Көзінен жас ағып жылап тұр ғой», -дейді виедо авторы.

Әзірге пілдің қайдан келгенін анықтау мүмкін болмады. Бәлкім, цирктен шығып кеткен болуы мүмкін. Әлде піл асырайтындар бар ма?

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық жігіт «танкпен» көшедегі арам шөпті шауып жүргенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар