Атыраудағы Digital Nauryz: дәстүр мен технология тоғысы

АТЫРАУ. KAZINFORM – Биыл Атырауда Наурыз Digital Nauryz форматында тойланып жатыр. Ұлттық дәстүр мен заманауи технологияларды тоғыстырған мереке цифрландыру жылына қойылған мақсат-мүдделерді де біріктіруде.

Атыраудағы Digital Nauryz: дәстүр мен технология тоғысы
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Исатай мен Махамбет атындағы алаңда үш тақырыпта киіз үй тігіліп, қонақтар бірегей цифрлық тәжірибелермен танысты. Атап айтқанда, мерекеге келгендер арнайы цифрлық киіз үйде орнатылған жасанды интеллект көмегімен ата-бабалардың ақ батасын алып, бір сәтке олардың асқақ рухы мен айбынын сезіне алды.

Атыраудағы Digital Nauryz: дәстүр мен технология тоғысы
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Келесі киіз үйде қонақтар қазақтың ұлттық киімдерін виртуалды түрде киіп көруге мүмкіндік алды. Ал үшінші киіз үйде еліміздің мәдениеті, дәстүрлері мен жетістіктері жөнінде бейнероликтер көрсетілді.

Атыраудағы Digital Nauryz: дәстүр мен технология тоғысы
Фото: Атырау облысы әкімдігі
Атыраудағы Digital Nauryz: дәстүр мен технология тоғысы
Фото: Атырау облысы әкімдігі
Атыраудағы Digital Nauryz: дәстүр мен технология тоғысы
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Бұған қоса, алаңда алты интерактивті панель орнатылып, жұртшылық цифрлық жобалар мен инновациялық шешімдер жөнінде ақпарат алды. Сондай-ақ көрермендер «Алақан» жобасымен танысып, «Роботтар шайқасы» шоуын тамашалады.

Соңғы жаңалықтар