Атыраудағы Құлсары қаласынан 887 мыңнан астам текше метр су сорылды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысындағы Құлсары қаласынан 887 мыңнан астам текше метр су сорылды. 

су сорғызу
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, Құлсары қаласын басқан тасқын суды сору жалғасып жатыр.

Тасқыннан кейін моноқаладағы суды сору жұмыстарына қосымша күштер тартылған. Оның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақтөбе облысындағы 20982 әскери бөлімі, Маңғыстау, Алматы және Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен құралдары бар.

«Қазір Құлсары қаласында суды соруға 7 тіркеме, 21 мотопомпа, 1 ПНС-200, 1 СНП-500, 3 ПНС-110 және 1 АР-2 құрылғылары мен 54 вакуум тартылып отыр. Оның ішінде «Суперсакер» 3 вакуумы да бар. Осы кезге дейін шаһардан 887 мың 219 текше метр су сорылды», - деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жағалауға 2,7 млн құм толтырылған қап төселгенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Атырау облысының БҚО-мен шекарадағы Бағырлай каналына мол су келгенін жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар