Атыраудағы Миялы ауылына тірелген судың деңгейі – 1 метр 20 см

АТЫРАУ. KAZINFORM – Ойыл өзенінің арнасынан асқан тасқын су Атырау облысындағы Миялы ауылының іргесіне тіреліп тұр. Судың деңгейі – 1 метр 20 см.

Су тасқыны
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Миялы – Атырау қаласынан шалғайда орналасқан Қызылқоға ауданының орталығы. Қазір бұл ауылда 7650 адам тұрады. 

Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, биыл Миялы ауылын тасқын судан қорғау үшін 2,7 шақырымдық бөгет биіктетілген. Қазір бөгеттің биіктігі – 2 метр. 

«Бөгет ауылды тасқын судан қорғайды. Қазір эвакуация уақытты тиімді пайдалану үшін жарияланып отыр. Дүрбелеңге салынып, үрейге берілмеу қажет», - деп хабарлады аудандық әкімдіктен. 

Бүгін түсқайта аудандық әкімдік төтенше жариялады. Соған сәйкес, Миялыдағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге шешім қабылданды. 

«Тұрғындарды қабылдау үшін Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназия, Х.Досмұхамедов атындағы орта мектеп пен «Нұр-Шуақ» балабақшасы дайындалды. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас адамдар, үш топтағы топтағы мүгедектер көшіріледі», -деп мәлім еткен еді әкімдіктен. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының қанша елді мекеніне тасқын су қаупі төнетінін жазған болатынбыз

Кейін Атырау облысында су тасқынына байланысты 190-нан астам қабылдау бекеті дайындалғанын хабарлаған едік. 

Атырау облысындағы су басу қаупі бар аумақтар мен жолда құбыр мен көпірлер тексерілді

Сондай-ақ, Қызылқоға ауданында бірнеше ауылдың тұрғындары қайықпен қатынайтынын хабарладық

Ал, бүгін дәл осы ауданда төтенше жағдай жарияланды

Соңғы жаңалықтар