Атыраудан күзгі маусымда 600-ге жуық бозбала әскерге шақырылады

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атыраудан күзгі маусымда 600-ге жуық бозбаланы әскерге шақыру көзделіп отыр. 

военные солдаты әскери сарбаздар призыв әскерге шақыру
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

Атырау қалалық қорғаныс істері басқармасының бастығы Құрманәлі Жүнісбековтің айтуынша, бозбалаларды әскерге шақыру 1 қыркүйекте басталады.

«Әскерге баратын жастардың 100-ге жуығы шекара қызметіне барады. Еліміздегі Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне 250, Ұлттық Ұланға 250 бозбаланы аттандыру жоспарланып отыр. Егер әскер қатарына шақырылғанға дейін несие алған болса, мерзімді әскери борышын өтеу кезінде оларға 14 айға кредиттік демалыс беріледі», - дейді Құрманәлі Жүнісбеков. 

Оның айтуына қарағанда, қазір бозбалалар алғашқы медициналық комиссиядан өтіп жатыр. Комиссия мүшерлері олардың денсаулығын тексереді. Сондай-ақ, зерделеу жұмысы қолға алынған.

Ал, Атырау облыстық қорғаныс істері департаменті бастығының тәрбие және идеология жұмысы жөніндегі орынбасары Русан Әнуаровтың пікірінше, еліміздің қорғаныс саласында цифрлық технологияларды енгізу қолға алынған.

«Бұл процесс әскерге шақыру және әскери міндеттілердің есебін цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік береді. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы мәліметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады», - деп мәлім етті Русан Әнуаров.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысына 1 мыңнан астам әскери қызметші көмекке келгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар