Атырауды күйік иісі басып қалды: Әкімдік түсініктеме берді

АСТАНА. KAZINFORM — Қала тұрғындарын алаңдатқан иістің себебі — «Сасықсай» маңындағы өрт екені анықталды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырау
Фото: azh.kz

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен қаладағы күйік иісіне себеп болған өрт ошақтарын анықтау және жою жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.

— Мониторинг барысында өрттің «Сасықсай» булану алаңының ар жағында, Атырау қаласынан 20 шақырым жердегі теңіз жақ бетте тұтанғаны белгілі болды. Оны ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды, — делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай маусым айында да болды. Сол кезде «Ақжайық» табиғи резерватындағы қамыс өрті салдарынан Атырауды түтін басқан еді.

Соңғы жаңалықтар