Атыраудың Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейі 8 метрден асты

су қоймасы
Фото: Су ресурстары министрлігі

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында Жайық өзені тағы көтерілді. Қазір Махамбет ауданында су айдынының деңгейі 8 метрден асты.

Атырау облысының жедел штабы бүгін таңертеңгі сағат 08:00–ден бері Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы мәлімет ұсынды. 

Мәселен, Индер ауданында таңертеннен бергі 12 сағатта су деңгейі +19 сантиметрге көтерілген.

Осылайша кешкі сағат 20:00–де аудан орталығы — Индербор кентінде 769 сантиметрге жеткен. 

Ал, Махамбет ауданында өзен арнасы +8 сантиметрге ұлғайған.

Кешкі сағат 20:00–де осы аудандағы Махамбет ауылының тұсында Жайық өзенінің суы 8 метр 3 сантиметр болып тұр. 

Жайық деңгейі Атырау қаласында да көтерілді.

Таңертеңгі деңгейден +7 сантиметрге көтеріліп, кешкі сағат 20:00–де 466 сантиметр болды. 

Еске сала кетелік, Атырау облысының Махамбет ауданында Жайық деңгейі 795 сантиметрге жеткенін хабарлаған болатынбыз. 

Сондай-ақ, Атырау облысында су тасқынына дайындық қалай жүргізілгені туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар