Атыраудың Ресеймен шекаралас ауданында белгісіз аппарат бөлшегі табылды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының Ресей Федерациясымен шекаралас Құрманғазы ауданында ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ұқсас нысанның бөлшегі құлаған. 

Атыраудың Ресеймен шекаралас ауданында белгісіз аппарат бөлшегі табылды
Фото: видеодан алынған скрин

Телеграм арналары мен БАҚ-та тараған ақпаратқа қарағанда, көрші елмен шекарадағы Қоңыртерек ауылының маңынан белгісіз заттың бөлшегі табылған.

Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу департаментінің мәліметінше, аталған оқиғаға байланысты тексеру басталған. 

– Атырау облыстық полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірге ұшқышсыз ұшатын аппараттың ұқсас заттың бөлшегі табылуына байланысты тексеру жүргізіп жатыр. Нысан далалық аумақта табылды. Зардап шеккен жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады, - деп хабарлады министрліктің әскери-тергеу департаментінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Астана маңында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 екі адам мерт болғаны хабарланған еді. 

Соңғы жаңалықтар