Атыраудың Жылыой ауданынан эвакуацияланған халық саны 31 мыңнан асты

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысындағы Жылыой ауданынан қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындар саны 31 мыңнан асты.

эвакуация
Фото: видеодан алынған скрин

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, Жылыой ауданының су басқан елді мекендерінен тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр. 

«Жылыой ауданынан 5 сәуірден бері 31 009 адам эвакуацияланды. Оның ішінде Маңғыстау облысына 20821 адам көшірілді. Ал, Теңіз кен орнындағы вахталық кентте дайындалған жатақханаларға 7445 адам орналастырылды. Атырау қаласына 2743 адам келді» деп хабарлады облыстық жедел штабтан. 

Сондай-ақ, 274 адамның кейбірі уақытша эвакуациялық пунктерге, кейбірі туысқандарының үйіне баруға шешім қабылдаған. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында төтенше жағдай жарияланғанын жазған едік. 

Сондай-ақ, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов тұрғындар өміріне қауіп төнсе, алдын ала хабарланатынын айтты. 

Кейін Жайық өзенінің суы Атырау қаласына қай тұстан кіруі мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар