Атырауға ай сайын 12-13 мың тонна автогаз қажет

АТЫРАУ.KAZINFORM – Атырау облысының ішкі нарығына ай сайын шамамен 12-13 мың тонна көлемінде автогаз қажет. ҚР Энергетика министрлігі болса қаңтар айына 7110 тонна мұнай газын бөлген. Кейін нарықта тапшылықты болдырмау мақсатында қосымша газ бөлу мәселесі көтерілген.

Ўзбекистонда автогаз шохобчалари фаолияти вақтинча чекланади
Фото: Kazinform

Мұндай мәліметті облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы таратты. Жанармайдың бұл түрі 35 газ тасымалдаушы компания арқылы газ құю бекеттеріне толықтай тасымалданды. 2024 жылы газ пайдаланатын көліктер саны 20 мыңды құраса, 2025 жылы 27 мыңға жеткен.

- Нарықтағы тапшылықты азайту мақсатында облыс әкімдігінің сұранысына сәйкес, министрлік тарапынан қаңтар айында негізгі көлеммен қоса 2000 тонна қосымша сұйытылған газ бөлінді. Сонымен қатар жоспарға сәйкес биыл ақпан айына 6 667 тонна, ал наурыз айына 6 910 тонна СМГ қарастырылған, - деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы Анар Ахметова.

Осыған дейін Қазақстандағы бензин, дизель және автогаз бағасын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар